Таразда бұған дейін «Аса құпия» деген белгілер басылып, әскери комисариатта сақталған құжаттар жинағы жарыққа шықты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тарихта алғаш рет медицина қызметкерлеріне берілген атақ туралы да бұл кітапта жазылған. Құнды деррекке қол жеткізген қалалық архивтер мекемесінің мамандары бүгін «Майдан құжаттары» кітабын көпшілкке таныстырды.

Алдымен студенттерге кітапты түсіндіру, тақырыпты талқылау бөлімі өтті. Содан соң, салтанатты рәсім басталды. Жалпы автор сөзінше, мұндағы әрбір құжаттағы қолжазбалар қызыл қарандашпен, қара қаламдармен түзетілген. «Аса құпия», «Аса маңызды» деген белгілермен жазылған құжаттар бүтін бір мемлекеттің, миллиондаған адамдардың тағдырына тікелей қатысы бар сирек кездесетін құнды құжаттар саналады екен.