Биыл кеңес әскерінің Таулы Қарабақтан шыққанына 35 жыл толды. Жалпы облыстан сол соғысқа 300 ден астам сарбаз аттанған. Олар қанды қақтығыс кезінде ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсеткен. Бүгін осы ерлікті ұлықтап, жауынгерлерді еске алу мақсатында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Басқосу барысында ардагерлер сұрапыл жылдарды еске алып, құрмет көрсетті.
Салтанатты іс-шараға ардагерлер, жастар және қоғам өкілдері жиналды. Кездесу барысында әскери қызметтің маңызы айтылып, жиналғандар ерлік пен елге қызмет ету туралы естеліктермен бөлісті. Жиын барысында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы бірқатар азаматтарды марапаттап, алғыс білдірді.