Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригада мен әскери мектеп-интернат өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл – Отан қорғаушылардың екі буынын тоғыстырған маңызды оқиға. Құжатқа қол қою күні жас ұландар үшін жауынгерлік бригадаға алғашқы экскурсия да ұйымдастырылды.

Ұзақ мерзімді серіктестікке жол ашатын ынтымақтастық меморандумына 5-ші механикаландырылған бригаданың командирі мен әскери мектеп-интернаттың директоры қол қойды. Салтанатты рәсім әскери бөлім аумағында өтті. Әскери қызметшілер жас қонақтарға қару-жарақ пен әскери техниканың көрмесін ұйымдастырды. Әрбір экспонат жанында түсіндірме сабақтар өткізілді.