Енді банк құпиясы Конституция деңгейінде қорғалады. Бұл бастаманы мәжіліс депутаттары ұсынып, комиссия отырыстарында жиі талқыланды. Депутаттардың пікірінше, қаржы ұйымдарындағы дербес мәліметтер жеткілікті деңгейде қорғалмайды. Бұл жаппай цифрландыру мен электронды қызметтер заманында аса үлкен қауіп. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы банктік құпияны, жеке және іскерлік келіссөздерді, кез келген байланыс құралдары арқылы берілетін хат-хабарларды жоғары деңгейде қорғау бойынша бірнеше ұсыныс енгізген. Бұл нормалар адамдардың жеке меншігіне қол сұғылмауын қамтамасыз етпек. Жаңа өзгерістер кәсіпкерлердің сенімін арттырып, инвестицияны еселеуге және ел экономикасының тұрақты дамуына мүмкіндік береді.