Қарулы күштер мен әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек. Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушылар және Жеңіс мерекесі қарсаңында өткен салтанатты рәсімде осылай деді. Мемлекет басшысы елдің қорғаныс қабілетін күшейтіп, әскерімізді ең бірінші кезекте технологиялық тұрғыдан жаңғырта беру қажеттігіне тоқталды. Әрі, мұндай маңызы зор стратегиялық міндетті екі жыл ішінде орындауды тапсырды. Қазақстан әлемнің барлық елімен достық қарым-қатынасын нығайта береді. Бірақ бұл қамсыз отыру қажет деген сөз емес. Еліміз түрлі сын-қатердің алдын алуға және кез келген қауіпке төтеп беруге дайын болуға тиіс. Мерекелік бас қосуда Президент сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатарына жоғары дәрежелі марапат табыстады.