7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай зағип жандар арасында голболдан турнир өтті. Жарысқа 3 команда қатысып тартысты ойын көрсетті.
Бұл турнир «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында өткізілуде. Голбол-көру қабілеті зақымданған адамдарға арналған ерекше командалық спорт түрі. Сондықтан кітапхана ұжымы ерекше жандарға қолдау білдіріп, қоғамға бейімделуіне осы жарыс арқылы септігін тигізбек.