Орталық референдум комиссиясы, 15-ші наурызда өтетін референдум бюллетенін жариялады. Бюлленде бір сұрақ екі жауап бар. «Жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылады. Ал төменгі тұсында «Иә, қабылдаймын» және «Жоқ, қабылдамаймын» деген жауаптар бар. Әр азамат тек бір нұсқаны белгілеп, өз таңдауын арнайы кабинада құпия түрде жасайды.
Биылғы референдумда Конституция жобасының мәтіні барлық дауыс беру учаскесінде аудио форматта қолжетімді болмақ. Сондай-ақ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған Брайль қарпіндегі арнайы трафареттер әзірленіп жатыр. Дауыс беру учаскелеріндегі пандустардың талапқа сай болуы тексеріліп, тактильді жолақтар және арнайы бейімделген кабиналармен жабдықталады.