Бүгін мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта өнерлі жас таланттардың қатысумен байқау өтті. Өнер сайысында барлығы 115 оқушы бақ сынады.

Фестиваль 2 номинация бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы нөмірде балалар жеке орындауда фортепиано аспабымен өзіне ұнаған шығарманы орындады. Ал екінші номинация бойынша музыкалық ұжымдардың өнер көрсетуімен хор орындады. Әділ-қазылардың шешімімен байқауда үздік көрініп, жүзден жүйрік шыққан оқушыларға арнайы сыйлықтар мен Астана қаласында өтетін өнер сайысына жолдама берілді.