Облыстық коалиция мүшелері Қан орталығының қызметкерлерімен кездесіп, Конституциялық реформаларды саралады.

Жиынға қалалық коалиция төрағасы Кенжебек Олжабаев, халық қалаулылары Гулам Умаров, Қарлығаш Бибазарова, Жанар Бүркітбаева, Руслан Мырхалықов пен Тараз университетінің проректоры Сейітжан Орынбаев қатысып, жаңа Ата Заң жобасын таныстырып өтті. Сонымен қатар басқосуда жаңа Конституциялық жобаның азаматтық қоғам институттарына негізделгені, мұндай тәжірибе әлем елдерінде кеңінен қолданылатындығы түсіндірілді. Бұдан соң орталық мамандары саяси реформаларға қатысты салмақты ой-ұсыныстарын айтты. Кездесуді қорытындылаған қалалық коалиция төрағасы жиынға қатысушыларды алдағы референдумға біркісідей атсалысып, саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды.