Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін елді мекендерді сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында елімізде ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бұл бағыттағы жүйелі шаралар қазіргі уақытта да жалғасуда. Соның айқын дәлелі Меркі ауданында жаңа су құбырлары тартылып, бірқатар ауылдарда ауыз су мұнараларын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде аудан құрамындағы 45 елді мекеннің басым бөлігі орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Бұған дейін екі елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі болмаған. Соның бірі – Ақтоған ауылы. Бүгінде елді мекен толықтай жаңартылған ауыз су жүйесіне қосылды. Ауылдағы тозығы жеткен желілер жаңартылып, заманауи инфрақұрылым тартылды.