Қазақ Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде А.Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған облыстық көрме өтті. «Ұлы Абай мұрасы мен қазіргі заман сәулет үндестігі» тақырыбындағы байқауға 38 мектептен 150-ге жуық оқушы және 130 студент қатысты.

Көрмеде сурет, пейзаж және интерьер жобалары таныстырылып, қатысушылар өз шығармашылық жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Шараның негізгі мақсаты – Абай мұрасын насихаттау және жастардың рухани құндылығын арттыру болды. Байқау қорытындысы бойынша 49 қатысушы І дәрежелі, 28 қатысушы ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар 5 қатысушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұдан бөлек, белсенділік танытқан қатысушыларға 40 алғыс хат пен 30 сертификат табысталды.