Меркіліктер үшін жағымды жаңалық. Қасиетті Рамазан айында Меркі ауданы, Андас батыр ауылында ел игілігіне арналған жаңа асхана пайдалануға берілді. Ауылдағы «Аррахим» мешітінің жанынан ашылған асхана 300 орынға арналған.
Бұл асхананың құрылысы ауыл азаматтарының бастамасымен жүзеге асқан. Олар бірлесе қаражат жинап, нысанның іргетасын қалаған. Енді міне барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне берілуде.