Азаматтардың жеке деректерін цифрлық платформаларда қорғау – уақыт талабы. Әсіресе цифрландыру бағытын ұстанған мемлекет үшін бұл аса маңызды. Мамандардың айтуынша, демократиялық еркіндік, адам құқықтарын сақтау, отбасы институтын нығайту секілді бастамалар да қоғамды ізгілендіруге бағытталған заманауи қажеттіліктердің қатарында.