Қуатты әскер – мықты отбасынан басталады. Әскери қызметшілердің отбасыларын қолдаулары – олар үшін басты құндылықтың бірі. Осы орайда, әскерилермен және олардың отбасыларымен ҚР Қарулы күштерінің өкілі Тәттігүл Смағұлова мен Паралимпиада чемпионы Зульфия Ғабидуллина кездесті. Тараздағы 5-ші механикаландырылған бригадада тараптар еркін әңгіме өрбітіп, әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты.