Жамбыл облысында көктемгі су тасқынына төтеншеліктер тас түйін дайын. Алдын алу жұмыстары қазірден басталып кетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар атқарылып жатыр. Жедел әрекет ететін топтар жасақталып, қажетті техникалар әзірлікте тұр. Департамент мамандары өңірдегі дайындық шаралары туралы мәлімдеді.

Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық – басты назарда. Облыс аумағында жедел әрекет ету үшін 1 927 адамнан тұратын топ жасақталып, 485 техника және 132 су сору құрылғысы әзірленді. Оның ішінде департаменттің өзінен 146 құтқарушы, 32 техника, 35 мотопомпа, 19 жүзу құралы және 492 байланыс құрылғысы кезекшілікке қойылған.