Мойынқұм ауданында Іскер әйелдер қауымдастығының құрамы өзгерді. Кәсіпкер әйелдердің қатысуымен өткен жиында ұйымның алдағы даму бағыты сараланып, жаңа төрайымды сайлау мәселесі күн тәртібіне шығарылды. Ашық дауыс беру нәтижесінде қауымдастық мүшелері жаңа жетекшіні таңдады.
Жиында ұйымның қалыптасу кезеңінде табанды еңбек етіп, оның жұмысын жүйелеген бұрынғы төрайым Ғалия Шубаеваның еңбегі ерекше атап өтілді. Қатысушылар оның іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында бірқатар бастамалар жүзеге асқанын айтып, алдағы уақытта да ақыл-кеңесін беріп, тәжірибесімен бөлісетініне сенім білдірді.