Қазақстанда импортқа тәуелділікті азайту үшін нақты жоспар дайындалып жатыр. Сондай-ақ биыл экспортқа шығарылатын тауарлар тізімі жарияланды. Бүгін Үкімет отырысында экономиканы әртараптандырудың тың тәсілдері қаралды. Отырыста «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі 45 млрд теңгенің инвестициялық жобаларын екінші деңгейлі банктерге беретіні айтылды.