Мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою және орналасу тәртібін жеңілдету Президент берген тапсырманың бірі болатын. Нәтижесінде, 2023 жылы «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңыңа өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігі жеңілдетілді.

2023 жылдан бастап Жамбыл облысы аумағындағы мемлекеттік органдарға 55 жас маман конкурссыз қабылданған. Оның ішінде, Департаментпен 2023 жылы 5 түлекке, 2024 жылы 28 түлекке, 2025 жылы 22 түлекке мемлекеттік қызметке қабылдануға келісім берілген.