Бүгінде Жаңа Конституцияны жан-жақты түсіндіру жұмыстары күн тәртібінде. Парламент депутаттары мен түрлі саяси партия өкілдері басты құжаттың маңыздылығы туралы ой-пікірлерін айтты. Жаңартылған заң жүйесін жаңғыртуға және еліміздің экономикалық негіздерін нығайтуға бағытталған.
Жаңа Конституция алдағы реформалардың, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін ашық әрі әділ Салық кодексіне көшудің негізі ретінде қарастырылады. Сарапшылар мен партия өкілдерінің айтуынша, бір палаталы парламент саяси бәсекелестікті арттырып, мүшелердің сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.