Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай Қордай ауданындағы Бетқайнар колледжінде жыр мен дәстүрді сабақтастырған байқау өтті. Оған облыстың бірқатар аудандарындағы кәсіптік- техникалық білім ордаларында оқитын студенттер қатысты. Шараның мақсаты, Жамбылдың жырын мәңгілік жұрт жадында сақтауға бағытталады.
Бетқайнар колледжіне бет алған қонақтар алдымен оқу орынының базасындағы киіз үй ішіне қойылған көшпелі кітапхана жұмысымен танысты. Онда Жамбыл атамыздың мол мұрасы сақтаулы тұр. Байқау негізгі екі кезең бойынша өрбіді. Оның біріншісі Жамбылдың жырлары туралы болса, екіншісі қатысушылар ақын өмірінен сахналық көріністер қояды.