Креативті индустрия – бүгінгі күннің стратегиялық бағыты. Осы үрдіске сай Тараз қаласында тарихи-мәдени мұраны жаңғыртып, туризмді дамытуға бағытталған нақты жобалар іске асырылуда. Бұл бастамалар шаһар экономикасына серпін беріп, оның туристік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруде.

Бүгін туристік агенттіктің бастамасымен іскерлік кездесу өтті. Басқосу туризм саласының өкілдерін, бизнес қауымдастықты және серіктес ұйымдарды бір алаңға жинап, тәжірибе алмасуға, даму перспективаларын талқылауға және өзара ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.