Күндердің сұлтаны, барша мұсылман қауым асыға күткен қасиетті Рамазан айы бүгін түнде басталады. Мұсылмандар бұл айда таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден тыйылып, ізгі амал жасап, сауапты істерге ұмтылады. Биыл ораза 29 күнге созылады.

Ислам сенімі бойынша, Рамазан айында Мұхаммед пайғамбарға Құранның алғашқы аяттары түскен. Ол кезде пайғамбар Мекке қаласының маңындағы Хира үңгірінде болған. «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Нұралы Бақытұлының сөзінше, «Рамазан айы» ай күнтізбесіне негізделеді. Оның басталуы жаңа айдың көрінуімен анықталған.