Жамбыл облысы ПД қызметкерлері арасында Қазақ күресінен «Полиция барысы» турнирі өтті. Жарысқа өңірдің әр ауданынан келген кіл мықтылар қатысты.

Боз кілемде белдесуге барлығы 87 спортшыдан құралған 16 команда бақ сынады. «Полиция барысы» қызметкерлерді рухани нығайтып, ұлттық спортымызды дәріптейтін ауқымды іс-шара. Күрес кілеміндегі белдесуде полиция қызметкерлері мінсіз дайындықпен келіп, тамаша техниканы қолданып, тартысты ойын көрсетті. Жекпе-жектi Қазақстан Республикасы қазақ күресiнен еңбек сіңірген белгілі жаттықтырушылар тамашалап, төрелiк жасады. Жүзден жүйрік жеңiмпаз атанғандар ПД диплом, медаль, кубоктарын иеленіп, «Полиция барысы» деген арнайы белбеумен марапатталды. Сонымен қатар, республикалық жарысқа жолдама алды.