2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде дарынды әрі болашағы зор жастарды қолдауға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты тағайындалды. Содан бері бұл грант 123 қазақстандық үшін өз идеяларын жүзеге асырып, дамытуға мүмкіндік беретін бастау алаңына айналды. Осы уақыт аралығында жеңімпаз атанғандардың 90 пайызы өз істерін өрге домалатып, табысты жобаларын жүзеге асырып келеді.

Ал биыл байқауға 1700 өтінім түсіп, оның 1622-сі қабылданған. Нәтижесінде 30 жоба үздік деп танылды. Грант иегерлерінің бірі – жамбылдық жас волонтер Гаухар Сайлаухан. Ол «Волонтерлік» бағыты бойынша 3 миллион теңге көлеміндегі грантты жеңіп алып, өңірде төтенше жағдайларға дайын еріктілер тобын құруды қолға алмақ.

Президент бастамасымен тағайындалған грант иегерлерінің бірі – жамбылдық жас ерікті Гаухар Сайлаухан. Ол бұл байқауға екінші жыл қатарынан қатысып, биыл жеңіске жетті. Гаухардың жобасы Жамбыл облысында төтенше жағдайларға алдын ала дайын тұратын волонтерлік клуб құруға бағытталған.