Жамбыл облысы Жібек Жолының бойында орналасқандықтан, көші-қон мәселесі қашан да өзекті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл салада біраз жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ көші-қон заңнамасына бірқатар өзгерістер орын алған.
Өткен жылы өңірге түрлі мақсаттармен келген 32 мыңнан астам шетелдік азамат ресми тіркелді. Бірақ жауаптылар ол азаматтардың елдегі қауіпсіздікті бұзбай, тәртіп сақтауы үшін бақылауды басты назарда ұстаған.