Қазіргі таңда Жамбыл өңірінде 131 су айдыны бар, оның 42-сінде тауарлы балық өсіріледі.Жеке кәсіпкерлер айналысып келе жатқан бұл іс өз нәтижесін де беруде. Өткен жылдың өзінде өңірде 2,5 мың тонна балық өсіріліп, өткерілсе, 2030 жылға дейін 8 мыңға жеткізу көзделуде.
Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылындағы «Алтын бұлақ» шаруа қожалығы балықпен айналысып жатқандарына 8 жылдың жүзі болыпты. Әбдірахым Қуанышбаев жетекшілік ететін бұл шаруашылық бүгінде оның 3 түрі- тұқы, сазан және фарель өсіреді. Мұнда балық аулап демалушылар үшін де барлық жағдай жасалған. Ал, ең бастысы балық уылдырық шашқаннан бастап, өздері өсіріп жетілдіретін зертханалары да жұмыс істеп тұр.