19 ақпаннан бастап Шу – Отар бағыты бойынша электрпойызы қатынай бастады. Бұл шешім жолаушылар ағынын арттырып, қызмет көрсету сапасы мен жайлылық деңгейін көтеруге бағытталған, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамының баспасөз қызметі. Бұған дейін осы бағытта бір жолаушылар вагоны ғана қатынаған. Енді төрт вагоннан тұратын электр пойызы пайдалануға беріліп отыр. Пойыздың жалпы сыйымдылығы 300-ден астам жолаушыны тасымалдауға арналған.