Жамбылдық кітап сүйер қауым үшін жағымды жаңалық. Бүгін білім саласына еңбегі сіңген педагог, өнер қайраткері Әуесбай Бақбергенұлының 75 жасқа толуына орай «БАҚ БЕРГЕН ӘУЛЕТ» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Әуесбай Бақбергенұлы 1951 жылы Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Ол өмірінің 47 жылында Тараздағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде ұстаздық еткен. Жарты ғасырға жуық уақыт ішінде қаншама студент тәрбиелеп, бірқатар өнерлі жастардың сахнаға шығуына ықпал етті.