Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасаудағы өзекті мәселе - инклюзивті білім беру. Бұл қазіргі қоғам қажеттілігі. Мұндай балалардын толыққанды өмір сүруіне жағдай жасау – біраз еңбекті талап етері сөзсіз. Бұл бағытта Жамбыл облысында да тиісті жұмыстар атқарылуда.
Нақтырақ айтқанда, №32 орта мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау негізінде жалпы білім беретін түзете - дамыта оқыту сыныптары жұмыс жасауда.