Адамның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде жарияланады. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында бұл қағида алғаш рет преамбулада ел дамуының негізгі басымдығы ретінде нақты бекітілді.Осылайша, мемлекеттік саясаттың өзегіне адам, оның қадір-қасиеті, қауіпсіздігі мен әл-ауқаты қойылатыны айқындалады.Бұл ұстаным декларативтік сипатта емес, құжаттың бүкіл мазмұнына өзек болады. Жобада конституциялық құқықтарды қорғау кепілдіктері күшейтіліп, оларды іске асыру тетіктері кеңейтіледі және мемлекеттік органдардың азаматтар алдындағы жауапкершілігі нақтыланады. Заң үстемдігі, әділеттілік пен заң алдында баршаның теңдігіне ерекше назар аударылған.