Жалпыұлттық коалиция мүшелері Шу ауданының теміржол саласының жұмысшыларымен және Қосқұдық орман шаруашылығы ұжымымен, сондай-ақ аудандық ардагерлермен кездесті. Онда Жаңа Конституция жобасы түсіндіріліп, тұрғындардың сауалдарына жауап берілді.
Елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияға біріккен болатын. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллиондаған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден астам қоғамдық ұйым енген. Отырысқа қатысушылар Жаңа Конституция жобасы саяси жүйе архитектурасын қоғамның жаңа сұранысына сай түбегейлі қайта жаңғыртатынын атап өтті. Бұл биліктің барлық тармағының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.