«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы – Жамбыл облысының өңірлік даму институты. Оның басты міндеті – өңірге инвестиция тартып, жаңа өндірістер ашу мен сапалы жұмыс орындарын құру. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы – «ZhambylInvest» және «Тараз» индустриялық аймағын басқара отырып, инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыруда. Өз кезегінде бұл өңірдің тұрақты экономикалық өсуіне нақты серпін беріп келеді.
Тараз индустриялық аймағы – заманауи өндірістерге арналған дайын инфрақұрылымы бар алаң. Мұнда инвесторларға жоба таңдаудан бастап, өндірісті іске қосуға дейін толық қолдау көрсетіледі. Индустриялық аймақта химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, құрылыс материалдарын өндіру, техногендік қалдықтарды қайта өңдеу және өзге де бағыттар қамтылған. Бүгінде аймақта 6 жоба пайдалануға берілген. Ал биыл тағы 3 жобаны іске қосу жоспарлануда.