Президент АҚШ-қа жұмыс сапары аясында жуырда ғана құрылған Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады. 19 мемлекет басшысы мен өкілі бас қосатын алаңда Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесі талқыланбақ. Сапар барысында Президент америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен де бірқатар кездесу өткізбек.
Бұл Мемлекет басшысының соңғы 6 айдағы АҚШ-қа жасаған үшінші сапары. Осы жолы Қасым-Жомарт Тоқаев штаттарға Дональд Трамптың арнайы шақыртуымен барды.