Жаңа Конституция жобасы – Қазақстан дамуының алдағы бағыт-бағдарын айқындайтын стратегиялық құжат. Негізгі Заңға енгізілетін өзгерістер мен жаңашылдықтар, ең алдымен, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, азаматтардың мүддесін басты орынға қоюға бағытталған. Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев республикалық «Зорлық-зомбылықсыз жанұя» форумында осылай деді.

Еліміз бүгінде тарихи маңызы зор саяси реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Бұл – мемлекетіміздің дамуының жаңа сапалы кезеңіне қадам басқанын айқын көрсетеді. Жаңа бастамалар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының тиімді әрі теңгерімді жұмыс істеуіне, қоғамдағы ашықтық пен әділеттілікті нығайтуға негіз болады. Алқалы жиында облыс әкімі көпшілікті алдағы референдумға қатысуға шақырды.