Ауылдық жерде кәсібін-нәсіп етіп, еңбек көрігін қыздырып жүрген жандар аз емес. Олардың ішінде ата кәсіп- мал шаруашылығына ден қойып, ауыл-аймақты ет өнімдерімен қамтамасыз етіп жүргендері де жетерлік. Соның бірі Шу ауданы Ақсу ауылдық округінің тұрғыны Бақыт Өктешбаев.

Ақсу ауылындағы «Төкен» шаруа қожалығы 2000 жылдары құрылыпты. Алғашында ағайындарымен бірлесе жұмыс істеген Бақыт Өктешбаев 2024 жылы 230 басқа арналған мал бордақылау алаңын салып, өз ісін інісімен бірге өрістете бастайды. Басында 100 бұқа бордақыласа, былтыр 150, ал биыл оның санын 200-ден асқан. Ірі қаралардың еттері жергілікті жерлермен қоса Тараз және Алматы қалаларына өткізіледі. Мал басын арттыра түсуді көздеп отырған шаруаның алда жүзеге асырар жоспары да ауқымды.