Қордай ауданында Ардагерлер кеңесінің XIII есеп беру- конференциясы өтті. Жиында ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңызына ерекше назар аударылды. Конституциялық реформаларға ардагерлер қауымы тарапынан қолдау білдірілді.
Конференция жұмысына Қордай ауданының зиялы қауым өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет 2021–2025 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ұйым қызметінің негізгі нәтижелеріне жан-жақты тоқталды. Жиында алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттар белгіленді. Жарыссөз барысында атқарылған жұмыстарға оң баға беріліп, ардагерлер қозғалысының қызметін одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Конференция қорытындысы бойынша бірқатар ауылдық округтердің ардагерлер кеңесі төрағалары, билер кеңесі мен аналар кеңесінің төрағаларына белсенді қоғамдық қызметі үшін марапаттар табысталды.