Жамбылдық ардагерлер волейбол ойнап жарысты. Бүгін Тараз қаласының орталығында ардагерлер арасында облыстық чемпионат ұйымдастырылды. Дәстүрлі додаға өңірдің әр ауданынан келген командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жыл сайын ардагерлер арасында ұйымдастырылатын жарыс биыл да өз жалғасын тапты. Ауқымды іс-шара салтанатты түрде ашылып, қатысушылар өз командаларының белсенділігін және спортқа деген құрметін паш етті. Турнир барысында ойыншылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, өзара үйлесімділік пен ынтымақтастықты да көрсете білді.