Жамбыл ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Рейдтік жұмыстар аясында қандай, қанша құқық бұзушылықтар анықталды?
Рейдке аудандық полиция бөлімі, білім бөлімі, пробация қызметі және «Жастар ресурстық орталығы» атсалысты. Негізгі мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың жолын кесу.