Ұшқышсыз ұшу аппараттарының жоғары тиімділігі әскери және азаматтық салаларда дәлелденіп келеді. Дрондар барлау жүргізу, дәл соққы жасау, инфрақұрылымды бақылау және құтқару операцияларында кеңінен қолданылады. Олар жоғары дәлдік пен жеделдікті қамтамасыз етіп, адам өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтады. Ал осындай іс-әрекеттердің артында білікті оператор-мамандар тұрады.

Осы маңызды міндетті жүзеге асыруға әскери мектеп-интернат басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жауынгерлік даярлау және қолдану оқу орталығының қолбасшылығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім екі мекеме арасындағы тұрақты әрі нәтижелі серіктестіктің бастамасы болмақ.