Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл. Осыған орай, Тараздағы Абай атындағы орталық кітапханасында «Жамбыл-менің жәй атым, халық менің шын атым» атты поэзия кеші өтті.
Поэзия кеші жыр алыбының өшпес мұрасын ұлықтаудан басталды. Яғни, іс-шараға қатысушылардың назарына «Жыр дүлділі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Бұдан соң, Әулиеаталық ақын-жыршылар ұлы ақынға жүрекжарды арнауларын арнады.