Тараз қалалық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық» орталығы және М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұйытқы болуымен «Бауыржан Момышұлының қаһармандық жолы – заң мен тәртіптің үлгісі» тақырыбында TED – X форматындағы конференция өтті. Бұл шараға Бауыржантану ғылыми-зертеу орталығының қызметкерлері, педагогтар, облыстық ПД жедел уәкілі және 5513 әскери бөлімі сарбаздары мен студент жастар қатысты.

Бұл жиын аты айтып тұрғандай, батыр Бауыржан Момышұлының қаһармандық жолын – жастарға үлгі етті. Басқосуда есім сойы елімізге ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге танымал Халық қаһарманының жазушылық қызметпен айналысқан жылдардағы жүріп өткен жолдары да қамтылып, әскери шеберлігі, көшгбасшылық қасиеті, ерлігі мен рухани мұрасы дәріптелді.