Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Ол Президентке республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды.