1 трлн теңге. Биылғы егін егу және күзгі жиын-терімге осынша қаржы бөлінеді. Қазірдің өзінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу. 2 мыңға жуық шаруа жеңілдетілген несие алып үлгерді. Арзан бағамен дизель отыны жеткізіледі. Жанармайдың талан-таражға түсуіне жол бермеу үшін бақылау күшейеді.

Биыл Қызылорда облысында күріш 10 мың гектарға аз егіледі. Себебі, су тапшы. Соңғы 4 жылда сыр өңірі күріш алқабын 21 пайызға қысқартты. Есесіне суды аз қажет ететін дақылдарды еге бастады. Ал, егіс алқаптарында суды пайдаланудың жаңа тәртібі белгіленеді.