ҚР Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев Сарысу ауданындағы "ЕвроХим - Тыңайтқыш" ЖШС- нің қызметкерлерімен кездесті. Жиында жаңа Конституциялық реформа жан - жақты түсіндірілді. Сенаторлар Парламенттің қоғамдық бақылау мен заң жобаларын талдау мүмкіндіктері кеңейтілгендігін және бұл демократиялық басқаруды күшейтетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жарияланған жалпыұлттық референдумға санаулы күндер қалды. Бұл ұлт тағдырын айқындайтын, елдік дамуды қалыптастыратын маңызды оқиға. Жаңа Конституция жобасы Парламенттің өкілеттігі мен жауапкершілігін күшейтуді көздейді. Сондай-ақ, заң шығару процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Реформа арқылы саяси жүйе теңгерімді болып, заң шығарушы орган халық алдындағы есептілігін арттыратыны атап өтілді.