Таразда оңтүстік өңірдегі барлық әскери бөлімдердің психологтары бас қосты. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында сала мамандарының оқу-әдістемелік жиыны өтті. Ондағы мақсат - әскери психологтардың жұмыс әдістемесін бірыңғай жүйеге келтіру.
Жиында қаралған мәселе мерзімді әскери қызметшілерді әскери ортаға бейімдеудің жаңа тәсілдері мен әдістерін меңгеруге және әрбір әскери қызметшіге жеке көңіл бөлуге бағытталды. Әскери бөлімдердің психологтары түзету жұмыстарының жаңа әдістемелерін, заманауи тәсілдер мен диагностика жүргізудің тиімді жолдарын зерделеді.