Тараз қаласында Конституция жобасын талқылауға арналған ақпараттық- түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Кезекті кездесу «Жамбылхимстрой» кәсіпорнының ұжымымен өтіп, онда ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Басқосуда ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған бастамалар жан-жақты сөз болды.

Конституция жобасы мемлекеттің стратегиялық бағдарын айқындайтын маңызды құжат ретінде таныстырылды. Онда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, заң үстемдігін орнықтыру және азаматтардың мүддесін басты орынға қою көзделгені атап өтілді.