Аймақтағы жоғары оқу орындарында профессор-оқытушылар құрамының 60%-дан астамы әйелдер. Бұл - үлкен интеллектуалдық әлеует. Таразда «Fail Conference» форматы бойынша жиын өтті.

Қазір аймақта нәзік жандылардан 7 ғылым докторы, 60-тан астам ғылым кандидаты, 165-ке жуық PhD, 570-тей магистр бар. Бірақ жиын барсында шешім қабылдайтын ғылыми кеңестерде, ірі гранттық жобаларда, халықаралық зерттеулерде әйелдердің үлесі әлі де жеткіліксіз екендігі айтылды.