Елімізде қазір жұмысшы мамандарға деген сұраныс артқан. Оның ішінде темірдің тілін тапқан токарьларға жұмыс көп, табысы да жақсы. Аса ұқыптылықты талап ететін осы маман иелерінің бір парасы Таразда оқып дайындалады.
Токарь жай ғана техникалық мамандық емес. Бұл нағыз өнер, тіпті өнер шебері. Өйткені арнайы маман ғана сом темірден, кез-келген құрылғыға арналған бөлікті жасай алады. Себебі мұнда 1 милметрге де қателік жіберуге болмайды. Бұл сала аса дәлдік пен жүйке бекемділігін және төзімділікті талап етеді. Тараз теміржол және коммуникация колледжінде 2017 жылдан бері сұранысқа сай токарь мандығы ашылып, мамандар дайындап келеді. Мұндағы ұстаздар да өз істерінің шебері.