Меркі ауданында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіз мектеп: цифрлық этика және мәдени орта» тақырыбында жасөспірімдер арасында хакатон қорытынды байқауы өтті. Негізгі мақсат - оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу және цифрлық мәдениетті қалыптастыру.
Байқауға аудан басшылығы, құқық қорғау органдарының өкілдері, білім саласының қызметкерлері мен оқушылар қатысыты. Аудан мектептерінің 8 бен 10 –шы сыныптарынан 4000-нан астам оқушы қамтылып, іріктеу нәтижесінде 30 мектептен 13 команда өтіп, өз жобаларын ұсынған. Осылайша, үздік деп танылған 6 команда аудандық кезеңде тың идеяларын көпшілік алдында қорғап шықты.