Қордай ауданына Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен келіп, ауданның зиялы қауым өкілдерімен алқалы жиын өткізді. Кездесуде 15 наурызда өтетін республикалық референдумның қоғам өміріндегі маңызы кеңінен талқыланды.
Қордайға арнайы жұмыс сапарымен келген Президент кеңесшісі Мәлік Отбарбаев алдымен аудан ақсақалдарымен кездесті. Жиында Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев сөз алып, еліміздің саяси жүйесін жетілдіру бағытында жүзеге асырылып жатқан реформаларға тоқталды. Ол референдумның стратегиялық маңызын, қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін және саяси жаңғыру үдерісіндегі орнын атап өтті.